Шағын орталықтың тәрбиешісі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » Отдела образования по Алаколскому району
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №2 города Үшарал
"Отдела образования по Алаколскому району "
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72833) 3-51-03
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Шағын орталықтың тәрбиешісі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
27
декабрь
2022

Шағын орталықтың тәрбиешісі лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс улица №77 ғимарат  

Пошталық мекенжайы: 040200 

Телефон нөмірлері: жұмыс 87283335103, ұялы:87021677567

Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Коммунальное государственное учреждение Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Үшарал қаласының №2  орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области , mektep2@bk.ru

Негізгі функционалдық міндеттері:

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

       балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады; 

      дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

      қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

       мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады; 

        мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді; 

       мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады; 

      отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы; педагогикалық этиканың нормалары; психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      "педагог": мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу; жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру; әдістемелік жұмысқа қатысу; балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

     Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 118 500ден-125.000 теңгеге дейін

    Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Коммунальное государственное учреждение Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ««Үшарал қаласының №2  орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области , шағын орталықтың  тәрбиешісі 

     Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; 

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);

Конкурсты өткізу күні мен орны: 

Конкурс Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс улица №77 ғимарат  мекен-жайы бойынша өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


      


























Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату 
 қағидаларына
 10-қосымша


Нысан 


____________________________
 конкурс жариялаған мемлекеттік 
 орган

       ____________________________________________________________________ 

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН 

       ____________________________________________________________________ 

       (лауазымы, жұмыс орны) 

       ____________________________________________________________________ 

       ____________________________________________________________________ 

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       ____________________________________________________________________ 

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл) 

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін 

       ____________________________________________________________________ 

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы







      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________ 
        Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________ 
        Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________ 
        Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) 
       ________________________________________________________________






Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату
 қағидаларына
 11-қосымша



Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны
 (1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1
 Жоғары күндізгі = 5
 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
 жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
 PHD-докторы = 10
 Ғылым докторы = 10
 Ғылым кандидаты = 10


Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60-қа дейін = 0 балл
 60-тан 70-ке дейін = 2 балл
 70-тен 80-ге дейін = 5 балл
 80-нен 90-ға дейін = 6 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40-қа дейін = 0 балл
 40-тан 50-ге дейін = 1 балл
 50-ден 60-қа дейін = 2 балл
 60-тан 70-ке дейін = 3 балл
 "Педагог-модератор" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін = 0 балл
 60-тан 70 балға дейін = 3 балл
 70-тен 80 балға дейін=6 балл
 80-ден 90 балға дейін=7 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40-тан 50 балға дейін=2 балл
 50-ден 60 балға дейін=3 балл
 60-тан 70 балға дейін=4 балл
 "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін=0 балл
 60-тан 70 балға дейін=4 балл
 70-тен 80 балға дейін=7 балл
 80-нен 90 балға дейін=8 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40-тан 50 балға дейін=3 балл
 50-ден 60 балға дейін=4 балл
 60-тан 70 балға дейін=5 балл
 "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін=0 балл
 60-тан 70 балға дейін- 5 балл
 70-тен 80 балға дейін=8 балл
 80-нен 90 балға дейін=9 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40 - тан 50 балға дейін=4 балл
 50-ден 60 балға дейін=5 балл
 60-тан 70 балға дейін=6 балл
 "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
 1 санат -2 балл
 Жоғары санатты-3 балл
 Педагог-модератор-3 балл
 Педагог-сарапшы = 5 балл
 Педагог- зерттеуші = 7 балл
 Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1
 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
 5 жылдан 10 жылға дейін = 2
 10 жылдан және одан артық = 3

5.

Администрация және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
 директор орынбасары= 3 балл
 директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
 "өте жақсы" = 1 балл
 "жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
 Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
 Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
 - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
 - мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
 ғылыми жобалар-1 балл
 олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
 "Лучший педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
 "Лучший педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
 медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

МОН РК тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
 РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
 БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
 - көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
 ӘБ жетекшілігі -1 балл
 кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
 Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
 - цифрлық сауаттылық сертификаты,
 ҚАЗТЕСТ,
 IELTS;
 TOEFL;
 DELF;
 Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
 – 0,5 балл
 курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83
 
 



МАҢЫЗДЫ:

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.