Педагог-ұйымдастырушы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Педагог-ұйымдастырушы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс улица №77 ғимарат
Пошталық мекенжайы: 040200
Телефон нөмірлері: жұмыс 87283335103, ұялы:87021677567
Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Коммунальное государственное учреждение Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қаласының №2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области , mektep2@bk.ru
Негізі функционалдық міндеттері:
Білім беру ұйымы білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.
Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктерінің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады.
Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық, көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.
Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бос уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік бастамаларын қолдайды.
Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.
Мероприятиеды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламалары,
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері,
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл.
Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог – модератор":
педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі,
тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі,
әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі,
балалар мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше білуі,
жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
3) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,
жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі;
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,
жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі;
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 112 500ден-180.000 теңгеге дейін
Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Коммунальное государственное учреждение Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ««Үшарал қаласының №2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Управления образования Алматинской области , педагог-ұйымдастырушы
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурс Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс улица №77 ғимарат мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.