"Отбасы сағаты" Республикалық акция » Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-03
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы сағаты" Республикалық акция
14
май
2019

"Отбасы сағаты" Республикалық акция

«Үшарал қаласының №2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ-сі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Отбасы сағаты» республикалық акциясының жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар негізінде төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылды:
1. 2019 жылдың 19 – сәуір күні 1-4 сынып арасында «Әкем, шешем және мен» отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Іс–шараның мақсаты-қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстарымен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту болды.
Сайыс 8 түрлі турдан ұйымдастырылды. Жарысқа 10 топ қатысты. «Бас жүлдені» 3 в сыныбының Сенченко отбасы «Дружба» тобы, І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды «Барыс», ІІ орынды «Қыран», ІІІ орынды «Орлята», ІІІ «Арлан» топтарынан жеңімпаздар анықталып, жеңімпаздарға мектеп ұстаздары тарапынан бағалы сыйлықтар, мадақтама және орындарға медальдар берілді.
2. 2019 жылдың 26 сәуірінде оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар арасында тығыз байланыс ұйымдастыру мақсатында «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылды. Екі жұлдыз байқауына қатысқан жұптар бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды. «Екі жұлдыз» кубогын 6 а сынып оқушысы Мұзапар Мөлдір мен мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Ақышевтан құралған жұп иеленді.
3. 2019 жылдың 3 мамырында ата-аналар жиналысы «Жаңа бағыттағы, жаңа форматта» өткізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы слайдпен таныстырылып, жеткізілді.

Похожие публикации:

14 декабрь 2017 Мектеп тарихы
14 ноябрь 2017 Рәміздер айлығы
14 ноябрь 2017 Білім күні