Ақпараттандыру туралы » Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-03
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2017

Ақпараттандыру туралы

Ақпараттандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы

МАЗМҰНЫ
Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
2) ақпараттық жұмыстар - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
3) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
4) ақпараттық жүйелердің аудиті - ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйін онда болып жатқан іс-әрекеттер мен оқиғаларды бағалаудың жүйелі процесі, олардың белгілі бір өлшемдерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейді;
5) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамалармен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
6) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі - депозитке беру) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
7) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер немесе оларды құрастырушылар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
8) ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
9) ақпараттық процестер - электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процестері;
10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, өзіне мемлекет атынан меншік иесі мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, "электрондық үкімет" инфрақұрылымының жобалық интеграторы функциялары жүктелген заңды тұлға;
12) ақпараттық технологиялар - ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
13) ашық кілттер инфрақұрылымы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
14) бағдарламалық өнім - ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, ережелері мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
15) веб-сайт - ақпараттық-телекоммуникациялық желіде бір домендік атаумен біріктірілген және ортақ навигациясы бар деректер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
16) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) - жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;
17) домендік атау - Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;
18) интерактивтік қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін қызмет;
19) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы - "электрондық үкіметті" қалыптастыру және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесу органы;
20) құжатталған ақпарат - материалдық тасымалдағышта тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін реквизиттері бар ақпарат;
21) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда меншік иесі немесе олардың иеленушісі шектейді;
22) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді құруға, жинақтауға және өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын бір ізге салуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
23) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы - "электрондық үкіметтің" электрондық ақпараттық ресурстарының және ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық жүйе;
24) пайдаланушы - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасайтын және оларды пайдаланатын субъект;
25) төлем шлюзі - транзакциялық қызметтер көрсету кезінде төлемдерді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;
26) транзакциялық қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып төлемдер мен өзге де іс-әрекетті жүргізу жөніндегі қызмет;
27) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық деректер қоры), ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат;
28) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иеленуші - аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын субъект;
29) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оны құрсаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
30) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
31) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
32) "электрондық әкімдік" - жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі;
33) электрондық қызмет көрсету - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
34) "электрондық үкімет" - мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі;
35) "электрондық үкімет" веб-порталы - "электрондық үкіметтің" барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе;
36) "электрондық үкімет" инфрақұрылымының жобалық интеграторы - "электрондық үкіметтің" ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;
37) "электрондық үкімет" шлюзі - электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкімет" ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Осы Заң авторлық құқық пен аралас құқықтар, өнеркәсіп меншігінің объектілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалардың топологиялары, азаматтық айналымға, жұмыстарға, тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралау құралдары туралы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелетін қатынастарды регламенттемейді.
4. Осы Заңның күші ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне қолданылмайды.
3-бап. Ақпараттандыру объектілері мен субъектілері
1. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.
2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ
4-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде "электрондық үкіметті" қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу:
• азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау;
• жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерін пайдалануға тең құқылығы;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу және оларды берудің міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеудің, өндіру мен берудің еркіндігі;
• электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толықтығы мен дұрыстығы;
• адал бәсекенің қамтамасыз етілуі;
• ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етілуі;
• ақпараттандыру саласының сенімділігі мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде қамтамасыз етілуі;
• ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы;
• дербес деректерді алуды, өңдеуді және пайдалануды оларды жинауға арналған мақсатпен шектеу принциптеріне негізделген.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:
1) басым дамудың, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, салалық (секторлық) бағдарламаларды бекіту;
2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
3) ақпараттық жұмыстардың және электрондық қызметтер көрсетудің нарығын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
4) "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен оның жұмыс істеу, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту және олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде өзара іс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының жүйесін дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау;
6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
7) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды айқындау;
10) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту;
11) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар міндетті түрде беретін құжатталған ақпарат пен электрондық құжаттардың тізбесін бекіту;
12) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту;
13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережелерін бекіту;
14) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібін бекіту;
15) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың веб-сайттарында орналастыру тәртібін айқындау жатады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, негізгі бағыттар мен даму басымдықтарын және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласын жетілдіруді іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру;
5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
7) "электрондық үкіметті" қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен олардың жұмыс істеу тәртібін, ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;
10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласында инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;
11) ақпараттандыру саласында және "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) ақпараттандыру саласында және "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;
14) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
15) депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
16) "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану және өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
17) мемлекеттік органдардың веб-сайтын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту жатады.
7-бап. Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыреті
Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:
1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;
2) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындау;
4) "электрондық үкіметті" қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру;
6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады.
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы
құзыретіне:
1) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте іске асырылатын "электрондық үкімет" және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
3) "электрондық әкімдікті" қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін адамдар тұрмайтын үй-жайлар бөлу арқылы ұйымдастыру;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады.
2. Төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
9-бап. Ұлттық оператордың құзыреті
Ұлттық оператор:
1) ақпараттандыру саласындағы біртұтас техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысады, сондай-ақ оларды дамытуға қатысуға құқылы;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге интеграциялануын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" инфрақұрылымының жобалық интеграторы қызметін жүзеге асырады;
4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелер енгізуді және оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуға құқылы;
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;
6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайты мен Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметінің" веб-порталын құру мен техникалық жағынан сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары веб-сайттарының мониторингін қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының бірыңғай коммуникациялық ортасын құруға және оған техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге қатысады;
9) "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
10) "электрондық үкіметтің" ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық жағынан сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.
3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР, ОЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері
1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай:
1) мемлекеттік;
2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.
2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай:
1) жалпыға ортақ қолжетімді;
2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.
3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.
Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады.
5. Оның меншік иесі немесе иеленушісі оны пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын ақпаратты, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.
6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
11-бап. Мүлік құрамының элементі және меншік құқығының объектісі ретіндегі электрондық ақпараттық ресурстар
1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлік құрамының элементі ретінде мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның ішінде:
1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беруге;
2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткізу режимі мен ережелерін белгілеуге;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға құқылы.
4. Заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың мүлкінің құрамына енгізіледі.
5. Мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың қарауындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік мүлік құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиіс.
6. Субъектілер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін міндетті тәртіппен өздері ұсынған электрондық ақпараттық ресурстарға өз құқықтарын жоғалтпайды.
7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен билік етуге құқылы.
8. Электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуға міндетті. Меншік құқығы тоқтатылған кезде электрондық ақпараттық ресурстар олардың нарықтық бағасы негізге алына отырып бағаланады.
9. Ақпараттық жүйелерге және өзге де электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншік құқығы басқа меншік иелеріне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығын туындатпайды.
10. Ақпараттық жүйелер құрамына енгізілген электрондық ақпараттық ресурстарға құқықтар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
11. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібімен немесе ақпараттық жүйелер мен өзге де өңдеу құралдарын бірлесіп пайдалану кезінде өңделетін электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушісіне тиесілі болады. Бұл ретте жасалып, шығарылған өнімнің тиесілігі және оны пайдалану шартпен реттеледі.
12-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
1. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі және (немесе) иесі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, еркін пайдалануға және таратуға құқылы.
2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу нысанасы болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі және (немесе) иеленушісі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ электрондық қызметтер көрсету үшін қалыптастырылады.
4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткізу мен қорғау ережелерін олардың меншік иесі және (немесе) иеленушісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды және қамтамасыз етеді.
6. Осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарды беруі міндетті болып табылады.
7. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
13-бап. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар
1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, оларды алу, өңдеу және пайдалану жинақталу мақсатымен шектеледі.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.
3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшін сол деректер өзіне тиесілі жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы міндетті.
4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу
1. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.
2. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік құпияларға жатқызылған және құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлінеді.
3. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды құпиялыққа жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мыналарды:
1) мемлекеттік құпиялардан тұратын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді;
2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ауа райы, санитарлық-эпидемиологиялық, өзге де жағдайлар туралы мәліметтерді;
3) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми мәліметтерді;
4) мемлекеттік органдардың, кітапханалардың, мұрағаттар мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерінде жинақталған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды.
4-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
15-бап. Ақпараттық жүйелердің түрлері
1. Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай:
1) мемлекеттік;
2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.
2. Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай:
1) жалпыға ортақ қолжетімді;
2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.
3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады.
Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.
5. Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.
6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.
16-бап. Меншік құқығының объектісі ретіндегі ақпараттық жүйелер
1. Ақпараттық жүйенің меншік иесінің ақпараттық жүйеге тұтас мүлік кешені ретінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады.
2. Техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері әртүрлі тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы тұлғалар арасында келісіммен айқындалады.
3. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және таратуға тыйым салуға немесе оған шек қоюға құқылы.
17-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, қол жеткізу және пайдалану
1. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен ұйымдарда электрондық қызметтер көрсету, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қызметті үйлестіру және басқару процестерін оңтайландыру мақсатында құрылады.
2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және оларды іске асыру тәртібі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік ақпараттық жүйені қабылдау оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік ақпараттық жүйеге қол жеткізу мемлекеттік ақпараттық жүйенің иеленушісі әзірлейтін ережелермен айқындалады.
18-бап. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құру, қол жеткізу және пайдалану
1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстарды орындау және электрондық қызметтер көрсету мақсатында жеке және заңды тұлғалар құрады.
2. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге қол жеткізу және оны пайдалану тәртібін оның меншік иесі немесе иеленушісі айқындайды.
19-бап. Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері және (немесе) иеленушілері Қазақстан Республикасында деректер берудің стандарттық хаттамаларын пайдалану негізінде әр түрлі ақпараттық жүйелер арасында ақпарат алмасуды және деректер беруді ұйымдастыру үшін желіаралық қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
2. Мемлек

Похожие публикации:

14 ноябрь 2017 Рәміздер айлығы
14 ноябрь 2017 Білім күні