"Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен және мек тебіміздің түлегі Андас Өтеміспен кездесу өткізілді. » Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-03
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен және мек тебіміздің түлегі Андас Өтеміспен кездесу өткізілді.
18
февраль
2023

"Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен және мек тебіміздің түлегі Андас Өтеміспен кездесу өткізілді.

17 ақпан күні Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал 2 орта мектебінде АӘТД пәнінің мұғалімі А.Мукатаевтың ұйымдастыруымен
"Ұрпаққа үлгі болған ерлік" тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен және мек тебіміздің түлегі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлер әскери институтының 1курс курсанты Андас Өтеміспен кездесу өткізілді.Кездесуге шақырылған ардагерлеріміз өздерінің соғыс кезінде басынан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, ашық сұхбат болды.С.Нұрмағамбетов атындағы институт курсанты мектебіміздің түлегі Андас Өтеміс өзінің оқып жатқан әскери оқу орны жайлы баяндап жастарымызды әскери мамандықты таңдап Отан қорғау саласына үлес қосуға шақырды.Кездесу кеші мектебіміздің 10-11сынып ұлдары арасында "Үздік командир" сайысымен жалғасын тапты.Сайыс 5кезең бойынша өткізілді.1кезең- Таныстыру;
2кезең- Өз өнерлерін көрсету;
3кезең- Автомат шашып жинау;
4.Картоп аршу;
5.16кг.Гір тасын көтеру.
Сайыс соңында жеңіске жеткен оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталып,сыйлықтар табысталды.