Әлеуметтік - педагог лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-03
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік - педагог лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
02
март
2023

Әлеуметтік - педагог лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Әлеуметтік - педагог лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Орналасқан жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі №77 ғимарат  

Пошталық мекенжайы: 040200 

Телефон нөмірлері: жұмыс 87283335103, ұялы:87021677567

Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Үшарал қаласының №2  орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, mektep2@bk.ru

Негізі функционалдық міндеттері:

Жеке тұлғаның психологиялық-медициналықпедагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмірлік жағдайын, зерделейді, білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалдық жағдайын, мінез-құлық ауытқуларын анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. Баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін, міндеттерін, нысандарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістерін анықтайды, білім алушы балалардың жеке құқығы мен еркіндігін іске асырудағы әлеуметтік қорғау мен көмек бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, балалар және мекемелер, отбасылар, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту мен әлеуметтік қорғау бойынша және қоғамдағы өмірге жеке тұлғаны бейімдеуді қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды патронатқа алу, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік ортада ізгілікті, адамгершілікті, дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Мұғалімдермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара әрекеттеседі. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат, жалпы және әлеуметтік педагогика, педагогикалық, әлеуметтік, жасерекшелік және балалар писхологиясы негіздерін, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалау әдістерін, тәрбие жұмысы әдістемесін, педагогикалық ғылымды дамытудың, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды талдау және бағдарламалаудың негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнамалар негізі, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.  

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;


      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.        

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;

      оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;

      озық тәжірибені енгізу;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;

      жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.

  Еңбекке ақы төлеу мөлшері: қызмет өткерген жылдарына байланысты 90 000 -нан 110 000   теңгеге дейін

    Шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ««Үшарал қаласының №2  орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік – педагог,  уақытша бос 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);

Конкурсты өткізу күні мен орны: 

Конкурс Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі №77 ғимарат  мекен-жайы бойынша өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.



























Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші 
 басшылары мен педагогтерін 
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату 
 қағидаларына
 10-қосымша


Нысан 


____________________________
 конкурс жариялаған мемлекеттік 
 орган

       ____________________________________________________________________ 

       кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН 

       ____________________________________________________________________ 

       (лауазымы, жұмыс орны) 

       ____________________________________________________________________ 

       ____________________________________________________________________ 

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

       ____________________________________________________________________ 

       білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл) 

       Қазіргі уақытта жұмыс істеймін 

       ____________________________________________________________________ 

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы







 Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________ 
 
 Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________ 
 
 Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________ 
 
 Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) 
 
 ________________________________________________________________






Мемлекеттік білім беру
 ұйымдарының бірінші
 басшылары мен педагогтерін
 лауазымға тағайындау,
 лауазымнан босату
 қағидаларына
 11-қосымша



Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны
 (1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1
 Жоғары күндізгі = 5
 жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
 жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
 PHD-докторы = 10
 Ғылым докторы = 10
 Ғылым кандидаты = 10


Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60-қа дейін = 0 балл
 60-тан 70-ке дейін = 2 балл
 70-тен 80-ге дейін = 5 балл
 80-нен 90-ға дейін = 6 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40-қа дейін = 0 балл
 40-тан 50-ге дейін = 1 балл
 50-ден 60-қа дейін = 2 балл
 60-тан 70-ке дейін = 3 балл
 "Педагог-модератор" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін = 0 балл
 60-тан 70 балға дейін = 3 балл
 70-тен 80 балға дейін=6 балл
 80-ден 90 балға дейін=7 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40-тан 50 балға дейін=2 балл
 50-ден 60 балға дейін=3 балл
 60-тан 70 балға дейін=4 балл
 "Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін=0 балл
 60-тан 70 балға дейін=4 балл
 70-тен 80 балға дейін=7 балл
 80-нен 90 балға дейін=8 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40-тан 50 балға дейін=3 балл
 50-ден 60 балға дейін=4 балл
 60-тан 70 балға дейін=5 балл
 "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен
 Мазмұны бойынша:
 50-ден 60 балға дейін=0 балл
 60-тан 70 балға дейін- 5 балл
 70-тен 80 балға дейін=8 балл
 80-нен 90 балға дейін=9 балл
 Әдістеме және педагогика бойынша:
 30-дан 40 балға дейін=0 балл
 40 - тан 50 балға дейін=4 балл
 50-ден 60 балға дейін=5 балл
 60-тан 70 балға дейін=6 балл
 "Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл
 1 санат -2 балл
 Жоғары санатты-3 балл
 Педагог-модератор-3 балл
 Педагог-сарапшы = 5 балл
 Педагог- зерттеуші = 7 балл
 Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1
 3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
 5 жылдан 10 жылға дейін = 2
 10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл
 директор орынбасары= 3 балл
 директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
 "өте жақсы" = 1 балл
 "жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
 Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
 Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
 - мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
 - мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
 ғылыми жобалар-1 балл
 олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
 "Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл
 "Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл
 медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
 РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
 БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық
 - көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл
 ӘБ жетекшілігі -1 балл
 кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
 2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
 Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
 3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
 - цифрлық сауаттылық сертификаты,
 ҚАЗТЕСТ,
 IELTS;
 TOEFL;
 DELF;
 Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары
 – 0,5 балл
 курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83
 
 



МАҢЫЗДЫ:

Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.