«Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыстау рәсімі » Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласындағы №2 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-03
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыстау рәсімі
17
июнь
2022

«Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыстау рәсімі

16 маусым күні Үшарал №2 орта мектебінде «Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиын   мерекеге сай безендірілген   мәжіліс залында 2022 жылдың 16 маусым   күні сағат 10:00де  басталды. Мерекелік жиын басында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
Салтанатты жиын 2 тілде қазақ және орыс тілінде жүргізілді.Мектеп директоры Э.Кабдолдаева   құттықтау сөз сөйлеп, 30 жас түлекті құттықтап,аттестат және ата-аналарына алғыс хат табыстады.4 оқушымыз «Үздік» аттестат иегері атанды. Жас түлектер ұстаздарға,ата-аналарға арнау ән шырқады,ата-аналары да балаларына арнап өз өнерлерін ортаға салды.Жас түлектеріміз алдағы 5 жылда өздерін қандай жетістіктерімен елестететіндіктерін   жарыса айтып, болашақта «Жаңа Қазақстанның жастары » елімізді көркейтуге аянбай атсалысатындықтарын айтты. Салтанатты жиында Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция капитаны  Д.Б.Сансызбаев кезекшілік етті.Мектеп бітіру кешінде тәртіп бұзушылық орын алған жоқ.
Мектеп әкімшілігінің, мұғалімдер мен ата-аналардың кезекшілік кестесі құрылды. Оқушылардан және ата-аналардан сақтық шаралары жөнінде қолхат алынды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Похожие публикации:

14 декабрь 2017 Мектеп тарихы
14 ноябрь 2017 Рәміздер айлығы
14 ноябрь 2017 Білім күні