17
June
2022
«Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат табыстау рәсімі
16 маусым күні Үшарал №2 орта мектебінде «Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиын мерекеге сай безендірілген мәжіліс залында 2022 жылдың 16 маусым күні сағат 10:00де басталды. Мерекелік жиын басында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
Салтанатты жиын 2 тілде қазақ және орыс тілінде жүргізілді.Мектеп директоры Э.Кабдолдаева құттықтау сөз сөйлеп, 30 жас түлекті құттықтап,аттестат және ата-аналарына алғыс хат табыстады.4 оқушымыз «Best» аттестат иегері атанды. Жас түлектер ұстаздарға,ата-аналарға арнау ән шырқады,ата-аналары да балаларына арнап өз өнерлерін ортаға салды.Жас түлектеріміз алдағы 5 жылда өздерін қандай жетістіктерімен елестететіндіктерін жарыса айтып, болашақта «Жаңа Қазақстанның жастары » елімізді көркейтуге аянбай атсалысатындықтарын айтты. Салтанатты жиында Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция капитаны Д.Б.Сансызбаев кезекшілік етті.Мектеп бітіру кешінде тәртіп бұзушылық орын алған жоқ.
Мектеп әкімшілігінің, мұғалімдер мен ата-аналардың кезекшілік кестесі құрылды. Оқушылардан және ата-аналардан сақтық шаралары жөнінде қолхат алынды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.